Әлімханұлы "Канелоның" келесі жылғы ықтимал қарсыластарының тізіміне енді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері боксшының 2027 жылғы ықтимал қарсыластарын жариялап, үміткерлер тізіміне қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын қосты, деп хабарлайды The Ring басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, Альварестің бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо 2027 жылы "Канело" үшін екі-үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Жәнібек Әлімханұлының есімі екінші орта салмақтағы белбеулерді біріктіру жекпе-жектері санатында көрсетілген. Бұл тізімде одан бөлек мексикалық Хайме Мунгия, АҚШ өкілі Кристиан Андраде, екінші орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы Лестер Мартинес және жартылай ауыр салмақтағы WBC әлем чемпионы Вилли Хатчинсон бар.
Сондай-ақ "Канело" америкалық Теренс Кроуфорд және ресейлік Дмитрий Биволмен қарымта жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Бұл ықтимал жекпе-жектер туралы Рейносо мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2454874-alimhanuly-kanelonyng-kelesi-zhylgy-yqtimal-qarsylastarynyng-tizimine-endi/