Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған балуан Отгонцэцэг Галбадрах туралы қызықты деректерді Baq.kz порталы назарларыңызға ұсынады.
Отгонцэцэг Галбадрах Моңғолияның дзюдо құрамасындағы ең таңдаулы спортшылардың бірі болған, 5 жылдан бері тек бір ғана салмақта (48 келі) өнер көрсеткен, Әлем кубогінің күміс және қола медалінің иегері, «Үлкен дулығаның» екі реткі күміс медаль жүлдегері болған, Еуропа кубогінің күміс және қола медалін жеңіп алған, сонымен қатар көптеген ірілі-ұсақты сайыстардың қатысушысы.
Ол 1992 жылы қаңтардың 25-інде Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында туған. Отбасының тұңғышы. Әкесі, анасы және інісі бар. Інісі де әпкесінің ізін қуып дзюдо күресімен айналысады. Тіпті, Моңғолияның маңдай алды спортшыларының бірі деуге болады. Отгонцэцэгті інісімен бірге бір жаттықтырушы дайындайды.
2008 жылдан бастап дзюдомен айналыса бастаған қыз, алғашқыда бұл спортты қызығушылық үшін ғана бастаған. Көп ұзамай-ақ жігерлі қыздың өмірлік ұстанымына айналған спорттың бұл түрі оның алдағы жетістіктеріне жол ашты. Бұл туралы бір сұхбатында Отгонцэцэгдің өзі де «Өмірімді дзюдосыз елестете алмаймын, біз бөлінбес бір тұтас әлемге айналдық. Дзюдо – менің өмірімнің мәні» дегені бар.
Көркем гимнастиканы тамашалауға құштар қыздың өмірі де көркем.
Ол Қазақстан азаматтығын алуына байланысты әлемдік рейтингтегі барлық жетістіктері күшін жойған болатын. Ол бұған дейін рейтингте үшінші орында тұрған. Барлығын қайта басынан бастаған ару бүгінде өзінің жерлесі моңғолиялық Уранцэцэг Мөнхбаттан кейінгі екінші орынға тұрақтады.
Өткен жылы ғана жаттықтырушысы Д.Энхбаатармен бірге елімізге қоныс аударған спортшы бір жылдың ішінде өте жоғары дәрежедегі нәтиже көрсете білді.
Әлем кубогі:
қола - (2011)
күміс - (2012)
«Үлкен дулыға»
Қола – (2016)
күміс – екі рет (2013),
жеңімпаз – (2016)
Еуропа кубогі:
Күміс - (2013),
Дзюдо Гран-приі:
Қола – сегіз рет (2012, 2014, 2015, 2016)
Күміс – үш рет (2013, 2016)
Жеңімпаз – төрт рет (2014, 2015, 2016).
Азия чемпионы: (2016)
Олимпиаданың қола медаль иегері – (2016) Рио олимпиадасы.
Сонымен қатар ол дзюдо спорты бойынша медаль алған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы қыз ретіндде тарихта қалады.
Тағы да оқыңыздар:
Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті
Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)
Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)
Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі
Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1214715-qazaqstan-qorzhynyna-alghashqy-medald/