jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қырғыз балуаны әлем чемпионатындағы жеңісін бапкерінің марқұм әкесіне арнады

    Ақжол Махмұдов жеңісін бапкерінің әкесіне арнады
    Ақжол Махмұдов. Фото: uww.org

    Қырғызстан тарихында күрестен ерлер арасында алғаш рет әлем чемпионы атанған Ақжол Махмұдов өз жеңісін бапкерінің марқұм әкесіне арнады. Бұл туралы kaktus.media жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өзінің жеңісін тарихи оқиғаға балаған Махмұдов бапкерлеріне ерекше алғыс айтты.

    "Бапкерлерім мен отбасымның, барша қырғыз халқының арқасында осындай жеңіске жеттім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Біздің бапкеріміз бар. Есімі - Ұлық ағай. Жақында оның әкесі қайтыс болды. Мен бұл жеңісімді сол кісіге арнағым келеді. Себебі ол мықты жаттықтырушыны тәрбиеледі", - деді Ақжол.

    Балуанның бапкері Ұлықбек Қарашолақов әкесінің қазасына байланысты Сербиядағы әлем чемпионатына бара алмаған.

    Айта кетелік, Ақжол Махмұдов Сербиядағы әлем біріншілігінде грек-рим күресінен 77 келіде сынға түсіп, чемпион атанды. Ол финалда венгриялық Золтан Леваиді 8:0 есебімен жеңді. Одан бөлек, Махмұдов 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері саналады.

    Ақжолдан бөлек, 60 келідегі Жоламан Шәршенбеков те әлем чемпионы атанып, Қырғызстанға алтын сыйлады. Бұл салмақта қазақстандық Айдос Сұлтанғали қола жүлдені жеңіп алды.

    Қырғыз балуаны әлем чемпионатындағы жеңісін бапкерінің марқұм әкесіне арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.