Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолияда туған балуан Қазақстанға әлем чемпионатының алтынын сыйлады

Опубликовано:

Ерғали Шамейдің жеңісті сәті
Ерғали Шамей: Спорт комитеті

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны екінші алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерғали Шамей финалдық белдесуде неміс спортшысы Сасс Леннартті "ваззари" ұпайымен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Ерғали Шамей Моңғолияның Баян-Өлгей аумағына қарасты елді-мекенде туып өсіп, 90-жылдары Қазақстанға қоныс аударған.

​Айта кетейік, бұған дейін Ақмарал Науатбек 48 келіде топ жарып, еліміздің әнұранын шырқатқан болатын.

Парадзюдодан әлем чемпионаты 8-11 қараша аралығында өтуде. Жарыста 41 мемлекеттен 270 спортшы сынға түседі. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1996380-mongoliyada-tugan-baluan-qazaqstanga-alem-cempionatynyn-altynyn-syilady/

pixel