jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Тек қана қазақ тілінде сұхбат беретін дзюдошы қыз Грузиядағы беделді жарысқа қатысады

    Абиба Әбужақынова татамиде
    Абиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

    24-26 наурыз аралығында Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан кезекті Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуан қыздардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тбилиси татамиіне Қазақстан командасын Абиба Әбужақынова бастап барады. Ол 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері, Grand Slam және Гран-при турнирлерінің тұрақты жүлдегері.

    Абиба жарыстан соң тек қана қазақ тілінде сұхбат беретін санаулы спортшылардың бірі.

    Одан бөлек, Грузиядағы бәсекеде Толғанай Әбеуова, Гаухар Ирмағамбетова (екеуі де 52 келіге дейін), Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін), Есмигюль Куюлова ( 63 келіге дейін), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы (екеуі де – 70 келіге дейін), Камила Берліқаш, Ақерке Рамазановалар (екеуі де – 78 келіден жоғары) бақ сынайды.

    Тек қана қазақ тілінде сұхбат беретін дзюдошы қыз Грузиядағы беделді жарысқа қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.