jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Пара дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады

    дзюдо
    Көрнекі фото: pexels.com

    28-30 сәуір күндері Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Біріншілікке құрлықтың 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы бақ сынайды.

    "Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар.

    Биыл Шымкентте өткен Қазақстан кубогінде жаңа есімдер іріктеліп, құрама жасақталды. J1 санатындағы, көзі мүлдем көрмейтіндер санатындағы балуандар үшін бұл әлемдік дәрежедегі алғашқы біріншілік болайын деп тұр.

    Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін", - дейді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

    Айта кетейік, Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

    Пара дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы:

    Әйелдер

    J2 -48 кг: Ақмарал Науатбек,

    J1 -57 кг: Альфия Тілекқабыл, Дилором Диханова,

    J2 -57 кг: Даяна Федосова,

    J1 -70 кг: Динара Куджулова,

    J2 -70 кг Диана: Бөлекова,

    J1 +70 кг: Зәуре Айтек.

    Ерлер

    J1 -60 кг: Мұрат Мадинов, Темірболат Ташекенов,

    J2 -60 кг: Ануар Сариев,

    J1 -73 кг: Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов,

    J2 -73 кг: Олжас Оразалылұлы, Азамат Нокушев,

    J1 -90 кг: Абылай Әділбеков, Бауыржан Арыстанбеков,

    J2 -90 кг: Жанбота Аманжол, Ғалымжан Смағұлұлы,

    J1 +90 кг: Ерлан Өтепов, Бағлан Оңалбек,

    J2 +90 кг: Ерлан Конкиев, Талғат Ажғалиев.

    Пара дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.