jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ел намысын қорғаудан бас тартпаймын": 36 жастағы Алмат Кебіспаев құрлықтағы кезекті медалі туралы айтты

    Алмат Кебіспаев кілемде
    Алмат Кебіспаев. Фото: uww.org

    Грек-рим күресінен Азия чемпионаттарындағы алтыншы медалін жеңіп алған Алмат Кебіспаев 36 жасында жарысқа қатысуына не себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

    "Азия чемпионатын қола медальмен аяқтадым. Жеңіске жетсем деген жоспар болған. Дегенмен, үнемі спорттық шыңда тұрып, бабыңда болу қиын. Біздің ағзамыз темір емес. Үнемі формада жүретін болсаң, ағза да сыр бере бастайды. Иммунитет түсіп кетуі мүмкін, жарақат сыр беруі мүмкін. Сол себепті, мен негізгі күшімді Қазақстан спартакиадасына сақтадым", - дейді Кебіспаев.

    Беделді балуан Астанадағы Азия чемпионатына қатыспай, күздегі жарыстарға дайындалу жоспары болғанын да жасырған жоқ.

    "Сары құрлық чемпионатынан сырт қалып, күзде өтетін байрақты бәсекелерге қатыссам деген пікірімді бапкерлерге айттым. Ұлттық құрама бапкерлерінің көзқарасы басқа болды да, менің күресетінімді жеткізді. Ел намысын қорғаудан бас тартқан емеспін. Сондықтан Азия біріншілігінде бар күшімді салдым. Бірақ Қазақстан спартакиадасындағы секілді бабыма ене алмадым. Намысқа тырысып, қоланы қолдан жібермедік. Осы орайда, менің салмағымда ел чемпионатының екінші, үшінші орнын алған жастар Азия біріншілігінде бағын сынап көрсе деген ойым болған", - деді Алмат.

    Айта кетелік, Алмат Кебіспаев бес әлем және алты Азия чемпионатынан жүлде алған.

    Сондай-ақ ол 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

    "Ел намысын қорғаудан бас тартпаймын": 36 жастағы Алмат Кебіспаев құрлықтағы кезекті медалі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.