jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Украина құрамасы ресейліктер қатысатын дзюдодан әлем чемпионатына бойкот жариялады

    Украиналық әлем чемпионы - Дарья Белодед
    Украиналық әлем чемпионы - Дарья Белодед. Фото: instagram/dariabilodid7

    Дзюдодан Украина құрамасы 7-14 мамыр аралығында Катар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысудан ресми түрде бас тартты. Бұл туралы sportarena.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Украиналық спортшылардың әлемдік додадан бас тартуына Ресей мен Беларусь атлеттерінің аталған жарысқа қатысуы себеп болып отыр.

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Дохадағы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь балуандарының нейтралды түрде қатысуына рұқсат берді. Алайда Украина тарапының мәліметінше, біріншілікте бақ сынайтын атлеттер арасында әскери қызметшілер де бар.

    "Біз бұл жерден ешқандай нейтралдылық көріп тұрғанымыз жоқ. Одан бөлек, 2023 жылдың 28 наурызы күні Халықаралық Олимпиада комитеті жариялаған ұсынымға мүлде қарама-қарсы жайттар бар. ХОК мәліметінше, нейтралды атлеттер статусын әскери қызметке қатысы жоқ спортшылар ғана алады. Ал мұндағы спортшылардың басым бөлігі Ресей қарулы күштерінде тіркелген. Арнайы операция басталғалы бері 250 украиналық спортшы елі үшін жанын берді. Біз Халықаралық дзюдо федерациясының шешімінен түңіліп кеттік. Сондықтан Дохадағы әлем біріншілігінен бас тартамыз", - делінген федерация мәлімдемесінде.

    Еске сала кетейік, Катар астанасы Дохада өтетін әлем біріншілігінде Париж Олимпиадасына берілетін рейтингілік ұпайлар саны артады.

    Украина құрамасы ресейліктер қатысатын дзюдодан әлем чемпионатына бойкот жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.