jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы Бішкектегі рейтингтік турнирде топ жарды

    балуан
    Фото: United world wrestling

    Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы және Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир басталды. Ұлттық құрама спортшылары доданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

    Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда өзбекстандық Ихтиор Ботировты ұтып (4-2), жеңімпаз атанды.

    Осы салмақта қола медаль үшін таласта тағы бір отандық балуан Ерсін Абыйыр үндістандық балуаннан жеңілді. Ал Аманғали Бекболатов тағы бір өзбекстандық Жасурбек Ортикбоевтан айласын асырып, қолаға қол жеткізді.

    Осыдан кейін Нұрсұлтан Базарбаев (60 келі) финалда өзбекстандық Исломжон Бахрамовтан ұтылып, турнирдің күміс жүлдесіне ие болды. Ал Ернар Фидахметов жарыс қожайыны Балбай Дордоковты жеңіп, қоланы қанағат тұтты.

    Өкінішке қарай, 87 кг дейінгі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль алса, Азамат Құстубаев болса түркиялық Әли Чингизге есе жіберді. Турнир 4 маусым күні аяқталады.

    Қазақстандық спортшы Бішкектегі рейтингтік турнирде топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.