jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Тарихта алғаш рет": Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды

    Самбо
    Балуандар бозкілемде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Астана қаласында "Beeline Arena" спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Азия және Океания чемпионаты басталды. Байрақты бәсеке 11 маусымға дейін жалғасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі самбо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Чемпионатқа 30 ел, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гонконг, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Ирак, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Малдова, Моңғолия, Непал, Жапония, Жаңа Зеландия, Палестина, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин және Оңтүстік Корея, FIAS (Ресей) командалары, барлығы 600 спортшы қатысады.

    "Чемпионаттың Қазақстанда өтуі – тарихта алғаш рет. Сондай-ақ, тағы бір басты ерекшелігіміз - самбодан зағиптар мен нашар көретіндер арасында Азия және Океания чемпионаты бірінші рет өткізіліп отыр.

    Турнирді елімізде өткізудің өзіндік мәні бар. Қазақстанда осындай чемпионаттар өткізу арқылы спортшыларымыздың кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашамыз. Сондай-ақ, жастардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылығы артады деген де сенім бар. Одан бөлек, елімізді және Астана қаласының имиджін халықаралық аренада насихаттау басты мақсаттарымыздың бірі. Чемпионатқа елімізден 24 мүмкіндігі шектеулі спортшы, 126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошымыз қатысады" - деді Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов.

    "Тарихта алғаш рет": Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.