jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

    күрес
    Көрнекі фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт қазақстандық жүлдегерлер атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

    2 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

    Жарыстың сегізінші күнінде еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақстандық балуандар ел қоржынына 4 жүлде салды.

    Ел құрамасынан Камиль Куруглиев (97 келі) финалда өзбек Айназар Базарбаевпен кездесті. Сайыс барысында қарсыласын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды.

    Ал Мерей Базарбаев (57 келі), Мұхаметәлі Қабидолданов (70 келі), Мағжан Жанырбай (79 келі) қола жүлдегер атанды.

    Бүгін 20 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен 61, 74, 86, 92 және 125 келіде жүлделер сарапқа салынады.

    Қазақстандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.