jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Көзінен ауыр жарақат алған қазақ балуаны ұзақ үзілістен соң тұғырдан көрінді

    Мейіржан Шермаханбет
    Мейіржан Шермаханбет. Фото: uww.org

    Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирі аяқталды. Қазақ балуандары ірі жарыстан алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді.

    Жарақатынан соң құрамаға қайта оралған Айдос Сұлтанғали олимпиадалық салмақ саналатын 60 келіде чемпион атанды.

    55 келідегі Марлан Мұқашев турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.

    Ал қола жүлдегерлер қатарында Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Ибрагим Магомадов (72 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) бар.

    Айта кетелік, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет бір жылдан аса уақыт бойы кілемге шыққан жоқ. Ол жаттығу кезінде бір көзін ауыр жарақаттап, Үндістанда бірнеше рет ота жасатқан болатын.

    Ұзақ үзілістен кейін Мейіржан халықаралық жарыстағы алғашқы медалін иеленіп отыр. Ол 2018 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.

    Көзінен ауыр жарақат алған қазақ балуаны ұзақ үзілістен соң тұғырдан көрінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.