Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық кәсіпкер барлық қарсыласын жыққан түйе балуанға көлік мінгізді

Опубликовано:

Ортада түйе балуан атанған Дәурен Нұралинов
Ортада түйе балуан атанған Дәурен Нұралинов. Фото: instagram/talgatsakan

Абай облысына Үржар аударына қарасты Таскескен ауылында қазақ күресінен дүбірлі дода өтті. Салмақ таңдамайтын түйе балуандар бәсекесінде Дәурен Нұралинов жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таскескен кубогі үшін өткізілген бәсекеге Қазақстанның барлық аймағы мен көршілес елдерден өгіз және түйе балуандар жиналды.

Алыптар айқасында 2021 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирінің жеңімпазы, ШҚО тумасы Дәурен Нұралинов жеңіске жетті.

Ол финалда тәжірибелі дзюдошы әрі қазақ күресінің шебері Саят Шәмшиевтен басым түсті. Үшінші орынды қазақ күресінің шебері, дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері Әділ Оразбаев еншіледі.

Сондай-ақ өгіз балуандар арасындағы тартысты жекпе-жекте Ерсін Сейітқазинов топ жарса, Мансұр Әлшеков екінші, Бекнұр Тәңірбергенов үшінші орын иеленді.

"Жарыстың деңгейі өте жоғары болды. Балуандар қатарында спорт шеберлері, "Қазақстан барысы", "Әлем Барысы", әлем чемпионатының жүлдегерлері бар. Таскескен ауылынан 7 дүркін КСРО чемпионы, әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов шыққанын бәріміз білеміз. Сол үшін тойымызда күрестен Таскескен кубогы өтуі заңды деп білеміз", - дейді жарыстың өтуіне мұрындық болған кәсіпкер Талғат Сақан.

Түйе балуандар арасындағы жеңімпазға автокөлік сыйға тартылса, екінші орын иегері 2 миллион, үшінші орын иегері 1 миллион теңге сыйақы алды.

Ал өгіз балуандар арасындағы жеңімпазға 1,5 миллион теңге берілді.

Талғат Сақанның айтуынша, ауылдың деңгейін көтеру мақсатында өткізілген бұл жиынның жастарға беретін тәлім-тәрбиесі де жоғары.

"Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың бастамасын "Жақсылықтың аманаты" деп ары қарай жалғастырмақпыз. Қазақтың 5000 жігіті болып 5000 ауылды көтерейік деген бастама қолдау табуда. Осындай түрлі іс-шараларды өткізу арқылы туған ауылымызды көркейтейік", - деді бас ұйымдастырушы Талғат Сақан.

Сондай-ақ Таскескен ауылында аламан бәйгенің бірнеше түрі өткізіліп, ақындар айтысы да ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2034554-zaqsylyq-aganyn-amanaty-abai-oblysynda-otken-qazaq-kuresi-basekesinde-tuie-baluanga-qymbat-kolik-mingizdi-video/

pixel