jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Соңғы секундтағы жеңіс: Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Азамат Дәулетбеков жеңістен соң
    Азамат Дәулетбеков. Фото: uww.org

    Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль әрі алғашқы лицензия түсті. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қола медаль үшін өткен күресте Азамат бахрейндік Магомед Шариповпен кездесті.

    Белдесуді балуандар өте сақ өткізді. Екі балуан да ескерту есебінен бір ұпайдан иеленіп, кейін тағы бір ескерту бойынша Азамат алға шыққан.

    Бірақ белдесудің аяқталуына 25 секунд қалғанда Шарипов қазақ балуанына әдіс жасап, алға шықты.

    Алайда Азамат соңына дейін беріспей, ең соңғы секундта қарсыласын әдіске түсірді.

    Осылайша, Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатында қатарынан екінші рет қола медаль иеленіп отыр.

    Сондай-ақ тәжірибелі балуан Париж Олимпиадасына берілетін лицензияны қоржынға салды.

    Соңғы секундтағы жеңіс: Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.