Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ту қайда, ту?": қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионына бапкерлер туды алып келмеген

Опубликовано:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан еркін күрес шеберлері тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды. 20 жастағы Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алайда чемпион атанған спортшыны бапкерлердің туды алып келмегені жабырқатты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, чемпион атанған балуан өз елінің туын жамылып, кілемді бір айналып өтеді.

Бұл балуанға берілген құрмет саналады. Бірақ бапкерлер Ризабектің белдесуі алдында еліміздің туын алып шықпаған.

Кілемді бапкерімен бірге айналып өткен Ризабектің: "Ту қайда, ту?" деп жабырқаулы жүзбен сұрағаны да жанкүйерлерге естілді.

Әзірге, бапкерлердің финалдық белдесу алдында неліктен көк байрақты алып шықпағаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037113-tu-qaida-tu-qazaqtan-syqqan-tungys-alem-cempionyna-bapkerler-tudy-alyp-kelmegen/

pixel