Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаз болып шықты

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: polisia.kz

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның қазіргі таңда отан алдындағы борышын өтеп жүргені белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, қатардағы жауынгер Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылының тумасы.

Ол осы жылдың жазында Алматы қаласына Ұлттық ұланның қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Айта кетейік, Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті жеңіп, еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Кейін Ризабекті жарқын жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, балуанның мұндай жетістігі жас буынның спортқа құлшынысын арттыратынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Ризабектің әлем чемпионатындағы жеңісі үшін мемлекеттен қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037282-erkin-kuresten-qazaqtan-syqqan-tungys-alem-cempiony-otan-aldynda-borysyn-otep-zurgen-sarbaz-bolyp-syqty/