Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жартылай финалда Абиба Оңтүстік Корея спортшысынан ескерту санымен басым түсті.
Кездесу барысында Абиба кішігірім жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгінген болатын.
Десе де, біздің спортшы үшін белдесу сәтті аяқталды.
Айта кетелік, Абиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының және Grand Slam турнирінің қола жүлдегері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037867-abiba-abuzaqynova-aziya-oiyndarynyn-finalyna-syqty/