jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қазақстандық мерген Азия ойындарында финалға өтті

    Николай Чирюкин жарыс кезінде
    Николай Чирюкин жарыс кезінде Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық спортшы Николай Чирюкин тапаншадан жылдам ату бойынша 293-12 есе ұпаймен төртінші орын иеленіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Отандастырымыз Руслан Юнусметов 19-шы (283-7x), Артемий Кабанов 20-шы (282-10x) болды.

    Топтық жылдам тапаншадан біздің жігіттер бірінші әрекетте алтыншы (858) орыннан көрінді.

    Бұл шаралардағы медальдар ертең табысталады.

    Елизавета Безрукова (12-ші, 628), Александра Ли (19-шы, 626.1) 10 метрге пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша іріктеуден өте алмады.

    Айта кетейік, кеше Ханчжоуда жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.

    Жазғы Азия ойындары 23-қыркүйек пен 8-қазан аралығында өтеді. Спорттық додаға 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль үшін күресетін болады.

    Қазақстандық мерген Азия ойындарында финалға өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.