jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Алғашқы медаль қоржында: Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Абиба Әбужақынова
    Абиба Әбужақынова. Фото: Сали Сабиров

    Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. Дзюдошы Абиба Әбужақынова Азиаданың күміс жүлдесін еншіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    48 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Абиба финалда жапондық спортшы Цунода Нацумимен кездескен болатын.

    Нацуми әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы әрі Джакартадағы Азия ойындарының жеңімпазы саналады.

    Финалдық белдесуде Абиба қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

    Десе де, бұл қазақстандық спортшы үшін үлкен жетістік. Ол Азия ойындарына алғаш рет қатысып, алғаш рет жүлде иеленіп отыр.

    Алғашқы медаль қоржында: Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.