Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. Дзюдошы Абиба Әбужақынова Азиаданың күміс жүлдесін еншіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Абиба финалда жапондық спортшы Цунода Нацумимен кездескен болатын.
Нацуми әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы әрі Джакартадағы Азия ойындарының жеңімпазы саналады.
Финалдық белдесуде Абиба қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Десе де, бұл қазақстандық спортшы үшін үлкен жетістік. Ол Азия ойындарына алғаш рет қатысып, алғаш рет жүлде иеленіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037878-algasqy-medal-qorzynda-abiba-abuzaqynova-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldegeri-atandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.