Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының финалына шықты
Опубликовано:
Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының финалына шықты. Ақтық сында ол Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысымен кездеседі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұржан Батырбеков Азия ойындарының жартылай финалында 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері кореялық Чо Сон-хенді сабмишн әдісімен жеңіп кетті.
Одан бұрын отандасымыз саударабиялық Осама Кандильді және Тәжікстан өкілі Рамшед Абдуллоевты тізе бүктірді.
Енді ақтық сында қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысы Аль-Суваидиге қарсы шығады. Ол жартылай финалда тағы бір отандық спортшы Алдияр Серікті жеңіп кеткен еді.
Алдияр Серік қола медаль үшін күреседі.
- Азия ойындары: су добынан Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты
- Александр Уваров ауыр атлетикадан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2039635-nurzan-batyrbekov-dziu-dzitsudan-aziya-oiyndarynyn-finalyna-syqty/