jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Самбодан әлем чемпионаты басталған күні Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды

    Маргарита Бажаева
    Маргарита Бажаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясының Instagram парақшасы

    Армения астанасы Ереван қаласында өтіп жатқан самбодан 48-ші әлем чемпионатының бірінші күнінде қазақстандық спортшылар күміс пен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    50 келі салмақта Маргарита Бажаева шешуші белдесуінде Өзбекстан спортшысы Гүлсевар Ураковадан ұтылып қалған болатын. Тағы бір қазақстандық спортшы Гүлнар Әлмұхамбетова 54 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен. Ол Беларусь спортшысы Алена Купаваны жеңіп, қола жүлдені ұтып алды.

    Осылайша әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы жалпы есеп бойынша 4 және 6 орындарға таласуда. Бейтарап статуста қатысып жатқан ресейлік самбо шеберлері болса рейтинг бойынша көш бастап тұр (төрт алтын, бір күміс және бір қола).

    Еревандағы әлем чемпионаты жексенбі, 12 қарашада аяқталады.

    Самбодан әлем чемпионаты басталған күні Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.