jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Самбодан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жарысты үздік үштікте аяқтады

    Арайлым Әбенова
    Арайлым Әбенова. Фото: instagram/drs_kz

    Армения астанасы Ереванда өткен самбоден Әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте 3-орын иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спорт дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    10-12 қараша Армения астанасы Ереванда самбодан Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 65 мемлекеттің спортшылары қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте 3-орын иеленді. Қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды.

    Жалпы есепте бірінші орынды Ресей құрамасы жеңіп алды. Ресейліктерде он үш алтын, екі күміс және үш қола медаль.

    Қазақстан құрамасы сапында жүлдеге қол жеткізген спортшылар:

    +80 келі. Арайлым Әбенова (алтын медаль);

    80 келі. Еламан Қойшыбаев (күміс медаль);

    50 келі. Маргарита Бажаева (күміс медаль);

    71 келі. Арнұр Қуатай (қола медаль);

    98 келі. Әлібек Зекенов (қола медаль);

    54 келі. Гүлдана Әлмұханбетова (қола медаль);

    72 келі. Шынар Абатова (қола медаль);

    +98 келі. Талғат Жиентаев (қола медаль).

    Айта кетейік, самбодан келесі Әлем чемпионаты 2024 жылы Астана қаласында өтеді.

    Самбодан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жарысты үздік үштікте аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.