jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатының жүлдегері балуан Айдос Сұлтанғали халықаралық турнирде топ жарды

    Айдос Сұлтанғали
    Айдос Сұлтанғали. Фото: olympic.kz

    Қарағандыда грек-рим күресінен Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир 55-рет өткізіліп отыр. Халықаралық жарысқа еліміздің үздік балуандары да қатысты.

    55 келіде Ерсін Әбиір жеңіске жетті. Ал күміс жүлдені әлем біріншілігінің жүлдегері Хорлан Жақанша иеленді.

    60 келі салмақта құрама үздігі Айдос Сұлтанғали топ жарды. Жарақатынан айыққан Айдостың бұл ұзақ үзілістен кейінгі жеңісі.

    63 келіде Дастан Зарлыханов, ал 67 келіде Абылайхан Әмзеев, 72 келіде Мерей Мәулітханов, 77 келіде Ибрагим Магомадов жеңіске жетті. 

    82 келі салмақта Расул Жүніс, 87 келіде ресейлік Карим Мұстақимов, 97 келіде Ислам Умаев, 130 келіде қырғызстандық Роман Ким топ жарды. 

    Әлем чемпионатының жүлдегері балуан Айдос Сұлтанғали халықаралық турнирде топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.