jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әлемнің үздік балуаны атанды

    Жәмила Бақбергенова
    Жәмила Бақбергенова. Фото: uww.org

    Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымы әйелдер күресі бойынша жылдың қорытынды рейтингін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UWW ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған рейтингте қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақтағы балуандар арасында 53 000 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал екінші орынға АҚШ спортшысы Амит Элор (50 000 ұпай) жайғасса, үздік үштікті моңғолиялық балуан Энх-Амарин Даваанасан (48 700) түйіндеген.

    Рейтинг балуандардың әлем, құрлық чемпионаттары мен Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері бойынша жасалған.

    Біріккен күрес әлемі ұйымының рейтингі
    Біріккен күрес әлемі ұйымының рейтингі. Скриншот: uww.org

    Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова биыл қыркүйек айында Сербияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген еді. Кейін Қытайда жалауын түрген Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды. Бұдан бөлек Жәмила – Азия чемпионатының үш дүркін иегері.

    Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әлемнің үздік балуаны атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.