jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдошы Абиба Әбужақынова шетелде жаттығатын болды

    Абиба Әбужақынова
    Абиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz/Сали Сабиров

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының 6 спортшысы Аустрияда өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Оның ішінде әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Абужақынова да бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған оқу-жаттығу жиындарына жиырмаға жуық елдің құрамасы барады. Қазақстандық дзюдошы қыздар Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева, Аруна Жангелдина, Кәмила Берліқаш, Есмигүл Құйылова, Бақыт Құсақбаева да жаттығуға қатысу үшін 7 қаңтарда жолға шықпақ.

    "Құрамадағы 6 спортшы сол жақта жаттығып, одан кейін Португалиядағы Гран При жарысына қатысамыз. Одан кейін ақпан айында Баку Гранд Слэміне сынға түсеміз деген жоспар бар. Қазір өзім бөлек жаттығып жүрмін. Жеке спарринг серіктесім – Толғанай Әбеуова. Бұдан бөлек, атыраулық Дана Әбдіровамен де дайындықты жетілдірудемін", – деді Абиба Әбужақынова.

    Ол өзінің жеке бапкері Нұрбол Сүлейменовпен ақылдасып, бос уақытты тиімді пайдалануды шешкенін айтты.

    "Енді әлеуметтік желіні қолдануға шектеу қоямын. Олимпиада ойындары аяқталғанша сұхбат беруге де құлықты емеспін. Алдағы жарыстардың барлығы мен үшін аса маңызды. Сондықтан Олимпиадаға дейін өзімнің бабымды сақтап, нәтижені жақсартуым керек", – деді спортшы.

    Абиба Әбужақынова Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында күміс жүлде еншіледі. Ал 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Қазір спортшы әлемдік рейтингте өз салмағында 11-орында тұр.

    Дзюдошы Абиба Әбужақынова шетелде жаттығатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.