jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық балуан еркін күрестен халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді

    Азамат Дәулетбеков боз кілемде
    Азамат Дәулетбеков боз кілемде. Фото: kazsports.kz

    Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан рейтингілік турнирде қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    86 келіге дейінгі салмақта күресетін Азамат Дәулетбеков Zagreb Open турнирінің финалында Магомед Рамазановтан (Болгария) жеңіліп қалды. Осылайша қазақ балуаны күміс жүлдеге ие болды. Ал қола жүлде Евсем Швелидзе мен Шэйн Марстеллерге (АҚШ) бұйырды.

    Дәулетбеков аталмыш турнирдегі алғашқы белдесуінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, үндістандық Дипак Пуниядан басым түскен еді. Кейін қазақ балуаны украиналық Валентин Бабийді, ширек финалда грузиялық Евсем Швелидзені жеңді. Ал жартылай финалда Израиль өкілі Матт Файнсилверді ірі есеппен тізе бүктіріп, финалға жолдама алған болатын.

    Дәулетбеков өткен жылы Белградта өткен əлем чемпионатында қола жүлде иеленіп, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

    Zagreb Open турнирінде Қазақстан атынан Ирина Казюлина (65 кг), Елена Шалыгина  (68 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) да сынға түседі.

    Қазақстандық балуан еркін күрестен халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.