jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық белгілі спортшы күрестен халықаралық турнирде жеңіліп қалды

    Эльмира Сыздықова
    Эльмира Сыздықова. Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Әйелдер арасындағы күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Эльмира Сыздықова Хорватияда өткен рейтингтік турнирде жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сыздықова 2024 жылы Біріккен күрес әлемінің (UWW) бірінші рейтингтік турнирі – Zagreb Open турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда ол жеңіліске ұшырады.

    Шерік финал кезінде 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сыздықова америкалық Кеннеди Алексис Блэйдспен кездесіп, оған 0-10 есебімен есе жіберді.

    Айта кетейік, Эльмира Сыздықова 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.

    Сондай-ақ қазақстандық спортшы күрестен екі рет (2021, 2023) Азия чемпионатында жеңіске жетіп, тағы бес рет құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

    Қазақстандық белгілі спортшы күрестен халықаралық турнирде жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.