jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан намысын кім қорғайды

    Дзюдошы Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошылар Португалияда өтетін осы жылдың алғашқы Гран-при турниріне қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    2024 жылдың алғашқы Гран-при турнирі 26-28 ақпан аралығында Португалияның Одивелаш қаласында өтеді. Дүбірлі додада 92 елдің атынан 632 дзюдошы өнер көрсетеді. Оңтүстік Кореядан 28 спортшы қатысса, Португалия атынан 27 дзюдошы күш сынасады.

    Жекпе-жектер келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді:

    Ерлер: 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі.

    Әйелдер: 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келі.

    Қазақстан ерлер құрамасында Ержан Еренғайыпов, Дәурен Суюкенов, Жанарыс Рахметқали, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Айбол Нысанәлі, Мәди Амангелді, Айдар Арапов, Құдірет Досымов, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев бар.

    Ал әйелдер құрамасында Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Бақыт Құссақбаева, Эсмигүл Куюлова, Аруна Жангельдина, Камила Берліқаш өнер көрсететін болады.

    Айта кетейік, Гран-при турнирінің жеңімпаздары қаржылай сыйлықпен марапатталады. 1-орынға 3000 АҚШ доллары болса, екінші орынға жайғасқан дзюдошы 2000 АҚШ долларын алады, ал жүлделі 3-орынға 1000 АҚШ доллары беріледі.

    Дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан намысын кім қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.