jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ризабек Айтмұхан күрестен Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды (видео)

    Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан
    Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram/qaz_olympics

    Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күнінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сынға түсіп, финалда жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    97 келіге дейінгі салмақтың финалдық белдесуінде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен Әлішер Ерғали белдескен болатын. 

    Тартысты кездесуде 14:10 есебімен Әлішер Ерғали жеңіске жетті. Осылайша Ризабек әлем чемпионатынан кейін қатысқан алғашқы ресми жарысында алтын медальға қол жеткізе алмады. 

    Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта 2023 жылғы әлем чемпионы. Ол аталған турнирден соң олимпиадалық салмақ – 97 келіге ауысқан еді. 

    Қазақстан чемпионы атанған балуандар Бішкекте өтетін лицензиялық турнирге қатысады. 

    Ризабек Айтмұхан күрестен Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.