Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов ел чемпионатының нәтижелері жайлы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Егемен Қазақстан газетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ел біріншілігінің финалында Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Әлішер Ерғалидан жеңіліп қалған еді.
"Әлішер Ерғали 97 кг салмақта әбден төселіп ысылған балуан. Ризабек былтыр тұңғыш әлем чемпионы атанған соң сый-құрметке кенелді, көп қыдырды. Мұның барлығы да жаттығуға кесірін тигізеді.
Әлішер – сыралғы балуан, оқу-жаттығу жиынын Дағыстанда өткізіп, әзірлік жүргізді. Міне, төккен тердің өтеуіне Қазақстан чемпионатының алтын медалі бұйырды", – деді Мадияр Құрамысов.
Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан чемпионатында жүлде алған балуандар енді Олимпиада лицензиясы үшін Қырғызстанда өтетін турнирге қатысады. Одан кейін Ыстамбұлдағы әлемдік іріктеу додасында Бішкекте жолдама бұйырмаған салмақ дәрежесіндегі балуандар бақ сынайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2059698-kop-qydyrdy-rizabek-aitmuxannyn-el-cempionatynda-utyluyna-ne-sebep-boldy/