jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Көп қыдырды": еркін күрестен ұлттық құрама бапкері Ризабек Айтмұхан жайлы пікір айтты

    Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан
    Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram/qaz_olympics

    Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов ел чемпионатының нәтижелері жайлы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Егемен Қазақстан газетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ел біріншілігінің финалында Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Әлішер Ерғалидан жеңіліп қалған еді.

    "Әлішер Ерғали 97 кг салмақта әбден төселіп ысылған балуан. Ризабек былтыр тұңғыш әлем чемпионы атанған соң сый-құрметке кенелді, көп қыдырды. Мұның барлығы да жаттығуға кесірін тигізеді. 

    Әлішер – сыралғы балуан, оқу-жаттығу жиынын Дағыстанда өткізіп, әзірлік жүргізді. Міне, төккен тердің өтеуіне Қазақстан чемпионатының алтын медалі бұйырды", – деді Мадияр Құрамысов.

    Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан чемпионатында жүлде алған балуандар енді Олимпиада лицензиясы үшін Қырғызстанда өтетін турнирге қатысады. Одан кейін Ыстамбұлдағы әлемдік іріктеу додасында Бішкекте жолдама бұйырмаған салмақ дәрежесіндегі балуандар бақ сынайды.

    "Көп қыдырды": еркін күрестен ұлттық құрама бапкері Ризабек Айтмұхан жайлы пікір айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.