Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ота жасату керек": дзюдошы Әбиба Әбужақынова жарақаты туралы айтты

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова өткен жылы алған жарақатынан әлі айықпаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Егемен Қазақстан" газетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әбиба Әбужақынова 2023 жылы мамыр айында Катар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатында моңғол қызымен күрескенде жарақат алып қалғанын айтты.

"Қарсыласым иығымды жанши құлағанда мертікті. Содан бері емделіп келемін. Иығымның жарақатын асқындырып алмай баппен жаттығу жасатудың нәтижесінде додаға қатысып жүрмін. Толыққанды  жазылдым деп айтуға әлі ерте, тіпті ота жасату керек. Оған уақыт өте тығыз, қыр астында Париж Олимпиадасы тұр. Содан кейін ғана ота жасатпасам, қазір үлгермеймін", – деді Әбиба.

Дзюдошы егер Париж Олимпиадасына жолдама алса, жарақатына қарамай боз кілемге шықпақ.

"Басқа қандай амал бар? Қырсық қылғанда иығымның бір емес, екі жерінен еті сөгіліп, сіңірі жыртылып кетіп отыр. Қолдан келер бір ғана қайран – иықтың бұлшық етін шынықтырып, жарақатты ұлғайтып алмау ғана. Турникке тартылсам, қақсап ауырады", – деді ол.

48 келі салмақта белдесетін Әбиба Әбужақынова жақында Әзербайжанда өткен Grand Slam жарысында қола жүлдеге ие болған еді. Оның алдында Португалияның Одивелаш қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде қола медаль еншіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2062142-ota-zasatu-kerek-dzyudosy-abiba-abuzaqynova-zaraqaty-turaly-aitty/