Дзюдодан Қазақстан құрамасы 29-31 наурызда Антальяда (Түркия) өтетін Grand Slam жарысына толық құрамда қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркиядағы турнирге қазақстандық 20 дзюдошы (9 ер, 11 әйел) аттанбақ.
Ерлер:
- 60 келі: Нұрқанат Серікбаев;
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
- 73 келі: Данияр Шамшаев;
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар;
- 90 келі: Ермахан Әнуарбеков;
- 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев;
- +100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
- 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева;
- 52 келі: Толғанай Әбеуова;
- 57 келі: Бақыт Құсақбаева;
- 63 келі: Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова;
- 70 келі: Екатерина Токарева;
- 78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина;
- +78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова.
Айта кетейік, жақында Тбилисиде (Грузия) өткен дзюдодан Grand Slam жарысында Нұрқанат Серікбаев (60 келі) алтын жүлде еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) күміс медаль жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2073516-dzyudodan-qazaqstan-quramasy-turkiyada-otetin-grand-slam-turnirine-qatysady/