jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық дзюдошы Grand Slam жарысының чемпионы атанды

    Нұрқанат Серікбаев
    Нұрқанат Серікбаев. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam (Үлкен дулыға) жарысының алтын медалін иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев турнирдің финалында Израиль өкілі Ям Волчакты жеңді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam жарысында алтын медаль еншіледі. Ол 2023 жылы Өзбекстанда өткен Grand Slam турнирінде күміс, сол жылы Түркияда өткен тағы бір "Үлкен дулыға" бәсекесінде қола медаль жеңіп алған еді.

    Айта кетейік, Серікбаев Тбилисидегі жарыстың іріктеу кезеңінде Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) және Дильшот Халматовтан (Украина) басым түсті. Ал жартылай финалда Grand Slam жарысының үш дүркін жеңімпазы Балабай Агаевты (Әзербайжан) ұтқан болатын.

    Тбилисидегі Grand Slam турнирі 24 наурызға дейін жалғасады. Бұл додаға әлемнің 83 елінен 531 дзюдошы қатысып жатыр.

    Қазақстандық дзюдошы Grand Slam жарысының чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.