jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Түркияда өтетін Grand Slam турниріне қатысады

    Нұрқанат Серікбаев
    Нұрқанат Серікбаев. Фото: ijf.org

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы 29-31 наурызда Антальяда (Түркия) өтетін Grand Slam жарысына толық құрамда қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркиядағы турнирге қазақстандық 20 дзюдошы (9 ер, 11 әйел) аттанбақ.

    Ерлер:

    • 60 келі: Нұрқанат Серікбаев;
    • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
    • 73 келі: Данияр Шамшаев;
    • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар;
    • 90 келі: Ермахан Әнуарбеков;
    • 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев;
    • +100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.

    Әйелдер:

    • 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева;
    • 52 келі: Толғанай Әбеуова;
    • 57 келі: Бақыт Құсақбаева;
    • 63 келі: Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова;
    • 70 келі: Екатерина Токарева;
    • 78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина;
    • +78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова.

    Айта кетейік, жақында Тбилисиде (Грузия) өткен дзюдодан Grand Slam жарысында Нұрқанат Серікбаев (60 келі) алтын жүлде еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) күміс медаль жеңіп алған еді.

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Түркияда өтетін Grand Slam турниріне қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.