Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен жылы ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы ұлттық құрамаға оралады

Жарияланған күні:

Мағжан Шамшадин
Мағжан Шамшадин. Фото: olympic.kz

60 келі салмақтағы қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин ауыр жарақатынан айықты және құрамаға оралады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мағжан Шамшадиннің бапкері Қален Қалиұлының айтуынша, спортшы өткен маусымның соңында жарақатына байланысты қатардан шығып қалған.

"Бәріміз үшін өте маңызды деп саналатын олимпиадалық циклде бірнеше турнирден қалып қойдық. Десе де біз үшін Мағжанның денсаулығы маңызды. Сондықтан жарақатынан толық жазылған соң ғана жарысқа қатыстыруды дұрыс деп шештік.

Қазіргі таңда Мағжанның денсаулығы жақсы. Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындамыз. Мамыр айында Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін Гран-при турниріне, кейін Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысамыз деген жоспар бар", – деді бапкер Қален Қалиұлы.

Еске салайық, Мағжан Шамшадин 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді. Ол қазір олимпиадалық рейтингте 24-орында тұр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2078162-otken-zyly-auyr-zaraqat-algan-qazaqstandyq-dzyudosy-ulttyq-quramaga-oraldy/