Мағжан Шамшадин дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Опубликовано:
Дзюдодан Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті. Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
60 келі салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин Азиаданың қола медалін жеңіп алды.
Ол қола медаль үшін өткен белдесуде тәжікстандық балуанды ваззари әдісімен жеңіп, ел қоржынына екінші медальді салды.
Бұл Мағжанның Азия ойындарынан жеңіп алған тұңғыш жүлдесі.
Айта кетелік, бұған дейін Абиба Әбужақынова 48 келі салмақта күміс жүлдегер атанған болатын.
Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.
- Алғашқы медаль қоржында: Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
- "Үшінші Олимпиадама қатысамын": Елена Потапенко финалдан кейінгі әсерін бөлісті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037880-magzan-samsadin-dzyudodan-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldesin-zenip-aldy/