jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ризабек Айтмұхан үндістандық балуанды айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты

    Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан
    Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    97 кг cалмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Ризабек Айтмұхан жартылай финалда үндістандық балуан Вики Викиді 13:0 есебімен жеңді.

    Айта кетейік, Ризабек алғашқы белдесуінде Қырғызстан өкілі Андрей Ароновты 6:0 есебімен ұтқан еді. Ал ширек финалда өзбекстандық балуан Махсуд Вейсаловтан басым түсті.

    Енді Ризабек финалда әлем және Азия чемпионы, Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновпен кездеседі. Ақтық белдесу бүгін, 11 сәуірде сағат 17:00-де өтеді. Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

    Ризабек Айтмұхан үндістандық балуанды айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.