Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалған Мейіржан Әшіров жарыстағы нәтижесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
70 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан Мейіржан Әшіров алғашқы белдесуінде түрікменстандық балуан Перман Хоммадовты жеңген еді. Бірақ ширек финалда Тәжікстан өкілі Мустафо Ахмедовқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.
"Азия чемпионаты ойдағыдай болмады. Ағайлардың тапсырмасын орындай алмадық. Бозкілемде дұрыс күрес көрсетпедім, өте нашар десем де болады. Дайындық жақсы болды. Дегенмен де тактикамызды дұрыс пайдаланбадық", – деді Мейіржан Әшіров "Qazsport" телеарнасына берген сұхбатында.
Айта Кетейік, 97 кг салмақтағы Ризабек Айтмұхан жартылай финалда үндістандық балуан Вики Викиді 13:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2083169-ote-nasar-kurestim-qazaqstandyq-baluan-aziya-cempionatyndagy-zenilisi-turaly-aitty/