jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Өте нашар күрестім": қазақстандық балуан Азия чемпионатындағы жеңілісі туралы айтты

    Мейіржан Әшіров пен Мұстафо Ахмедов
    Мейіржан Әшіров пен Мұстафо Ахмедов. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалған Мейіржан Әшіров жарыстағы нәтижесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    70 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан Мейіржан Әшіров алғашқы белдесуінде түрікменстандық балуан Перман Хоммадовты жеңген еді. Бірақ ширек финалда Тәжікстан өкілі Мустафо Ахмедовқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

    "Азия чемпионаты ойдағыдай болмады. Ағайлардың тапсырмасын орындай алмадық. Бозкілемде дұрыс күрес көрсетпедім, өте нашар десем де болады. Дайындық жақсы болды. Дегенмен де тактикамызды дұрыс пайдаланбадық", – деді Мейіржан Әшіров "Qazsport" телеарнасына берген сұхбатында.

    Айта Кетейік, 97 кг салмақтағы Ризабек Айтмұхан жартылай финалда үндістандық балуан Вики Викиді 13:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты.

    "Өте нашар күрестім": қазақстандық балуан Азия чемпионатындағы жеңілісі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.