jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі

    Ризабек Айтмұхан
    Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram/kazwrestling_official

    Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ризабек Айтмұхан (97 кг) финалдық кездесуде әлем және Азия чемпионы, Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновтен 4:2 есебімен жеңіліп қалды.

    Ризабек алғашқы белдесуінде Қырғызстан өкілі Андрей Ароновты 6:0 есебімен ұтқан еді. Ал ширек финалда өзбекстандық балуан Махсуд Вейсаловты жеңді. Финалдық бәсекеге жолдаманы үндістандық балуан Вики Викиді 13:0 есебімен ұтып, жеңіп алды.

    Еске салайық, Олимпиадалық салмақтағы қазақстандық балуандар Осетияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Олардың ішінде еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да болды. Ризабек жаттығу барысында еркін күрестен бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Олимпиада жүлдегері Абдулрашид Садулаевпен бірге жаттығу жасаған еді.

    Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.