Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының екінші күнінде қазақстандық бес балуан бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 12 сәуірде Бішкек боз кілемінде 61, 74, 86, 92 және 125 кг cалмақтағы балуандар белдеседі. Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын балуандар:
- 61 кг, Асыл Айтақын;
- 74 кг, Талғат Сырбаз;
- 86 кг, Азамат Дәулетбеков;
- 92 кг, Әділет Даулымбаев;
- 25 кг, Абылай Совет.
Күндізгі сессиядағы барлық белдесуді "Qazaqstan" ұлттық арнасының тікелей эфирінен, финалдық белдесулерді "Qazsport" телеарнасынан тамашалауға болады.
Еске салайық, кеше, 10 сәуірде Қазақстан құрамасының қоржынына күрестен Азия чемпионатының 2 жүлдесі түсті. Еркін күрестен 57 кг салмақтағы Мейрамбек Қартбай қытайлық балуан Вею Лиді 7:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Ал Ризабек Айтмұхан (97 кг) финалдық кездесуде әлем және Азия чемпионы, Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновтен 4:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлде еншіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2083601-kuresten-aziya-cempionaty-bugin-boz-kilemge-qazaqstandyq-bes-baluan-sygady/