jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

    Мейрамбек Қартбай
    Мейрамбек Қартбай. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық балуан Мейрамбек Қартбай Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Еркін күрестен 57 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Мейрамбек Қартбай жұбаныш белдесуінде қытайлық балуан Вею Лиді 7:2 есебімен жеңді. Мейрамбек жартылай финалда Жапония өкілі Кенту Юмиядан 2:4 есебімен жеңіліп, финалға өте алмай қалған еді.

    Бүгін, 11 сәуірде тағы бір қазақстандық балуан Азамат Өміржанов (79 кг) қола жүлде үшін белдеседі. Оның қарсыласы - Өзбекстан өкілі Асомиддин Хасанов.

    Сондай-ақ бүгін еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан финалда бахрейндік балуан Ахмед Тажудиновпен алтын жүлдені сарапқа салады. 97 кг салмақтағы Ризабек жартылай финалда Вики Викиді (Үндістан) жеңіп, финалға жолдама алған еді.

    Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.