jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ержет Жарылқасын жапон балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Ержет Жарылқасын
    Ержет Жарылқасын. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    63 кг салмақтағы Ержет Жарылқасын финалда Жапония өкілі Аята Сузукимен белдесті. Кездесу 6:6 есебімен аяқталғанымен, ұпай сапасы жағынан қазақстандық балуан басым түсті.

    Ержет Жарылқасын турнирдегі алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея балуаны Док Юнг Джунды 6:4 есебімен ұтса, ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавиден 8:0 есебімен басым түсті. Кейін жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді қапыда қалдырып (5:3), финалға өткен еді.

    Айта кетейік, Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде еншілесе, әйелдер күресінен сынға түскен балуандар 4 қола медаль жеңіп алды.

    Ержет Жарылқасын жапон балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.