Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан олимпиадалық салмақта Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Жарияланған күні:

Ибрагим Магомадов
Ибрагим Магомадов. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінің шебері Ибрагим Магомадов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

77 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Ибрагим қола медаль үшін күресте Иран балуаны Амир Али Абдиден 4:3 есебімен басым түсті. 

Магомадов ширек финалда Қырғызстан өкілі, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовпен күресіп, ұпай саны бойынша тең түскенімен, әдіс сапасына байланысты жеңіліс тапқан еді.

Ибрагим Магомадов былтырғы Азия чемпионатында 72 кг салмақта жеңімпаз атанған болатын. Кейін ол 77 кг салмаққа ауысты.

Еске салайық, грек-рим күресінен 63 кг салмақта бақ сынаған Ержет Жарылқасын Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Бүгін сондай-ақ Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) алтын жүлде үшін күреседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2085272-qazaqstandyq-baluan-olimpiadalyq-salmaqta-aziya-cempionatynyn-qola-zuldesin-ielendi/