Грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
87 кг салмақта бақ сынаған Нұрсұлтан Тұрсынов финалда ирандық балуан Насер Гасем Ализадеден 5:0 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, екі балуан 2023 жылы да Азия чемпионатының финалында кездескен еді. Ол кезде де Иран өкілі 8:0 есебімен жеңген. Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күміс медалін иеленіп отыр.
Еске салайық, бүгін, 15 сәуірде грек-рим күресінен сынға түскен Ержет Жарылқасын (63 кг) жапон балуаны Аята Сузукиді жеңіп, алтын жүлде еншілеген еді. Ал Ибрагим Магомадов (77 кг) Иран өкілі Амир Али Абдиден басым түсіп, қола медаль иеленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2085299-nursultan-tursynov-grek-rim-kuresinen-aziya-cempionatynyn-kumis-zuldegeri-atandy/