Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан финалда Олимпиада жүлдегерінен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты

Опубликовано:

Юсуф Мациев
Юсуф Мациев. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық балуан Юсуф Мациев Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Грек-рим күресінен 97 кг салмақта бақ сынаған Юсуф Мациев финалда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионы Мохаммадхади Саравимен (Иран) кездесті. Бұл бәсекеде 9:0 есебімен Сарави жеңіске жетті.

Юсуф Мациев алғашқы белдесуінде Түркіменстан спортшысы Аманберді Агамаммедовтен басым түссе, ширек финалда Бексұлтан Махмудовты (Қырғызстан) ұтты. Кейін жартылай финалда Қытай балуаны Хао Хоужиді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға шыққан еді.

Айта кетейік, бүгін, 16 сәуірде Бішкек боз кілеміне шыққан басқа қазақстандық балуандар жүлде иелене алмады. Ғалым Қабдунассаров (60 кг), Алматбек Аманбек (67 кг) және Әділхан Сатаев (72 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2085953-qazaqstandyq-baluan-aziya-cempionatynyn-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel