Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан әлемнің үздік еркін күрес шебері атанды

Опубликовано:

Азамат Дәулетбеков
Азамат Дәулетбеков. Фото: olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған еді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді. Осылайша еркін күрестен Азия құрлығының үш дүркін чемпионы атанған еді. Еркін күрестен 86 кг салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков финалда Өзбекстан өкілі Жавраил Шапиевпен күресіп, 5:2 есебімен жеңді.

Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрес балуандарының рейтингін жаңартты. 86 кг салмақ дәрежесінің рейтингін қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков (52400 ұпай) бастады. Ал екінші орында 33 жастағы америкалық спортшы Тэйлор (45000 ұпай). Үздік үштікті Сан-Марино өкілі Амине түйіндеді (44000 ұпай).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 2 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде 12 жүлдемен бесінші орынға жайғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2086235-qazaqstandyq-baluan-alemnin-uzdik-erkin-kures-seberi-atandy/

pixel