Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Грек-рим күресінен 77 кг cалмақта бақ сынаған Демеу Жадыраев шешуші белдесуде оңтүстік кореялық балуан Ли Доуонды 5:2 есебімен ұтты.
Бүгін, 21 сәуірде грек-рим күресінен сынға түскен тағы бір қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали (60 кг) Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ал Мейіржан Шермаханбет (67 кг) лицензия үшін белдесуде жеңіліс тапты. Бүгін сондай-ақ Әлімхан Сыздықов (130 кг) Олимпиада жолдамасына таласады.
Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 6 жолдамасы бар: еркін күрес – 3, грек-рим күресі – 3.
Әйелдер күресінен әзірге бірде-бір жолдама жоқ. Кеше, 20 сәуірде Бішкектегі турнирдің жартылай финалында күрескен қазақстандық балуан қыздардың ешбірі лицензия еншілей алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2088551-grek-rim-kuresinen-olimpiadaga-irikteu-turnirinde-qazaqstan-qorzynyna-tagy-bir-zoldama-tusti/